НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Футболдан UEFA Ұлттар лигасы екінші турында Қазақстан сырт алаңда Словакиямен ойнайды. Кездесуге алғашқы минуттан шығатын ойыншылар құрамы жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Ұлттық құрама бапкері Магомед Адиев матчта келесі ойыншыларға сенім артып отыр: Игорь Шацкий, Тимур Досмағамбетов, Нұралы Әліп, Сергей Малый, Александр Марочкин, Михаил Габышев, Исламбек Қуат, Аслан Дарабаев, Эльхан Астанов, Рамазан Оразов, Абат Айымбетов.
Ал Словакия бас бапкері Штефан Таркович негізгі құрамға Марек Родак, Юрай Чватал, Милан Шкриньяр, Норберт Гимбер, Мартин Косцельник, Станислав Лоботка, Юрай Куцка, Владимир Вайсс, Иван Шварц, Альберт Руснак, Ладислав Алмасиға үміт артты.
Еске салсақ, Қазақстан Словакиямен ұлттық құрама деңгейінде тұңғыш мәрте кездесіп отыр. Олар қазақстандық футболшылардың еуропалық елдер қатарынан 41-ші қарсыласы болмақ.
Айта кетсек, Словакия мен Қазақстан 6 маусымда елорда уақытымен 00:35-те басталып, «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.