Қазақстан-Соломон аралдары матчына жапониялық маман төрелік етеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Футзалдан Колумбияда өтіп жатқан 2016 жылғы әлем чемпионатында Е тобында Қазақстан құрамасының үшінші матчының төрешілері белгілі болды, деп хабарлады sports.kz.

Соломон аралдары командасымен кездесуде Томохиро Козаки (Жапония), Хамис Аль Шамси (БАӘ) және Теодор Эйебе (Камерун) төрелік етеді.

Еске сала кетейік, Қазақстан-Коста-Рика матчы 19 қыркүйекте Астана уақытымен сағат  03:00 өтеді.