Қазақстан Соломон аралдарымен дипломатиялық қарым-қатынастар орнатты

АСТАНА. 20 тамыз. ҚазАқпарат - Қазақстан Соломон аралдарымен дипломатиялық қарым-қатынастар орнатты. Бұл туралы бүгін ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Алтай Әбибуллаев мәлім етті.

«17 тамызда Нью-Йоркте  БҰҰ жанындағы Қазақстанның тұрақты өкілі және Соломон аралдарының тұрақты өкілі деңгейінде бірлескен коммюникеге қол қою арқылы дипломатиялық қарым-қатынастар орнатылды. Құжатқа Қазақстан тарапынан БҰҰ-дағы тұрақты өкіл Елші Бірғаным Әйтімова, ал Соломон араладары жағынан оның әріптесі Елші Колин Бек қол қойды»,-деді ресми өкіл.