СИНГАПУР. KAZINFORM - Қазақстан Сингапурде өткен сот әкімшілігі жөніндегі халықаралық конференцияда сот жүйесін реформалаудағы жетістіктерін таныстырды. Бұл туралы Жоғарғы соттың баспасөз қызметі мәлім етті.
Конференция жұмысына 5 құрлықтың 53 елінен 240 делегат қатысты. Қазақстанның Сот әкімшілігі мен Халықаралық сот әкімшілігі қауымдастығы (IACA) ынтымақтастықтың жаңа кезеңі туралы меморандумға қол қойды.
MAСА президенті Луис Мария Пальма мен Қазақстан Сот әкімшілігінің басшысы Наиль Ахметзакиров қол қойған құжат әлемдік, озық практиканы енгізуге бағытталған серіктестіктің келесі кезеңін білдіреді.
Сондай-ақ, Конференция аясында Қазақстан делегациясы сот ісін жүргізуді цифрландыру, сот төрелігінің қолжетімділігі мен процестердің ашықтығын арттырудағы табысты тәжірибесімен бөлісті.
Азаматтардың сот жүйесіне сенімін нығайтуға көмектесетін жаңа технологияларды енгізуге ерекше назар аударылды.
Бағдарламаның ерекше бөлімі Сингапур Жоғарғы сотының төрағасы Сундараш Менонмен кездесу болды. Келіссөздер цифрландыру және сот әкімшілігін жетілдіру саласындағы бірлескен бастамаларға әкелмек.
Дина Ғалымжанқызы
Гүлнұр Ғазизқызы
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ журналистика факультетінің түлегі. Еңбек жолын «Қазақ әдебиеті», «Сақшы» газеттерінен бастаған. «Дала мен Қала» республикалық қоғамдық-саяси апталығында тілші, жауапты хатшы болып істеді. «Қазақстан-Ақтау» телеарнасының тілшісі, «Қазақстан» Ұлттық арнасының Маңғыстау облысындағы меншікті тілшісі, Маңғыстау облысы әкімі баспасөз қызметінің бас маманы, «Қазақстан» РТРК» АҚ Маңғыстау облыстық филиалы директорының орынбасары – бас редакторы болды.
Ақпарат саласының үздігі.
«ҚР Президенті телерадиокешенінде» 2022 жылғы 1 сәуірден бастап істейді. Kazinform халықаралық ақпарат агенттігі басқарушы директорының орынбасары – қазақ редакциясының бас редакторы.