«Қазақстан» спорт кешенінде cу добынан Астананың ашық кубогы басталды

АСТАНА. ҚазАқпарат - 1-4 шілде аралығында елордадағы «Қазақстан» спорт кешенінде Қала күні аясында су добынан Астананың ашық кубогы өтуде.

Жарысқа 1998-1999 жылдары және 2000 жылдары туылған ұлдар мен қыздар қатысады. Дода елордада екі жыл қатар өткізілуде. Ұйымдастырушылар оны халықаралық дәстүрлі жарыс дәрежесіне жеткізуді жоспарлап отыр, деп жазады елорда әкімдігінің ресми сайтында. Бұл жолы Кубокта Қазақстанның Астана, Қарағанды, Тараз сынды түрлі қалаларынан және ТМД елдерінің Наманган, Ташкент (Өзбекстан) және Челябі қалаларының командалары бақ сынасады.