Қытайдың Ханчжоу қаласында өтіп жатқан XIX жазғы Азия ойындарында су добынан Қазақстан әйелдер құрамасы төртінші кездесуінде Өзбекстаннан басым түсіп, қола жүлде алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Ел құрамасы алтыншы кездесуінде Өзбекстанды 16:8 есебімен сүріндірді.
Бұған дейін қазақстандық спортшылар Оңтүстік Кореяны 24:4, Сингапурды 12:6, Таиландты 13:8 есебімен тізе бүктіріп, Қытайға 8:17, Жапонияға 14:23 есебімен есе жіберді.
Алты турдан кейін олар 8 ұпаймен турнир кестесінде үшінші орында тұр. Алғашқы екі орындағы Жапония мен Қытайдың 10 ұпайы бар.
Жарыс барысында 2024 жылғы Париж Олимпиадасына жалғыз жолдама сарапқа салынады. Әзірге бұл мүмкіндікке Жапония мен Қытай құрамалары үміткер болып отыр. Бес ойыннан кейін екі құрама да ұпай жоғалтқан жоқ. Еншісінде 15 ұпайдан бар.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.