Ханчжоуда (ҚХР) өтіп жатқан Азия ойындарында стендтік атудан Қазақстан әйелдер құрамасы алтын медаль жеңіп алды. ҚазАқпарат бұл туралы Olympic.kz-ке сілтеме жасап.
“Скиттегі” топтық сайыста Зоя Кравченко, Әсем Орынбай және Ольга Панарина жеңіске жетті. Біздің спортшылар сондай-ақ Азия ойындарының рекордын орнатты.
Айта кетейік, қазіргі кезде Қазақстан қоржынында 10 медаль бар: 1 алтын, 2 күміс, 7 қола.
23 қыркүйекте басталған додаға спорттың 30 түрінен 524 отандасымыз (262 ер, 262 әйел) бақ сынап жатыр. Жазғы ойындар 8 қазанға дейін жалғасады.
Гүлмира Алякпарова
«Қайнар» университетін – «қазақ тілі және әдебиет», Д.Қонаев атындағы Көлік және құқық гуманитарлық университетін «экономика» мамандығы бойынша аяқтаған.
«Ақпарат саласының үздігі» төсбелгісімен марапатталған.
«ҚазАқпарат» ХАА-да 2004 жылдан бері қызмет атқарып келеді.