НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Иордания астанасы Амман қаласында бокстан жастар мен жаөспірімдер арасында Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы жалпы командалық есепте үшінші орын алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Қазақстандық спортшылар 13 алтын, 14 күміс, 17 қола медаль алды. Нәтижесінде үшінші орынға тұрақтады.
Көш басында тұрған Өзбекстанның 20 алтын, 16 күміс, 7 қола медалі бар. Екінші орынға 15 алтын, 10 күміс, 18 қола медальмен Үндістан жайғасты.
Еске салсақ, жастар арасында Егор Егоров (71 келі), Темірлан Мұқатаев (86 келі), Томирис Мырзақұл (52 келі), Виктория Байдукова (54 келі), Ұлжан Сәрсенбек (57 келі), Бақыт Сейдіш (66 келі), Камила Бажбенова (81 келі) алтыннан алқа тақты.
Ал жасөспірімдерде Айдар Қадырхан (52 келі), Төрехан Сабырхан (57 келі), Ахмет Үсен (63 келі), Санжар-Әли Бегалиев (66 келі), Аружан Жаңабаева (66 келі) және Кұралай Егінбайқызы (80 келі) чемпион атанды.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.