НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Түркияның Конья қаласында Ислам ынтымақтастығы ойындары мәресіне жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Биылғы додаға 55 елден спортшылар келді. Ойындар 8 тамызда басталып, 18 тамызда аяқталды.
Бесінші мәрте жалауын желбіреткен дүбірлі додада қазақстандық спортшылар 89 медаль еншіледі. Оның ішінде 27-і алтын, 23-і күміс, 39-ы қола.
Жалпы командалық есепте Түркия, Өзбекстан, Иран және Әзербайжан құрамалары алғашқы төрт орынды өзара бөлісті.
Ислам ынтымақтастығы ойындары 2005 жылдан бері тұрақты өткізіліп келеді. Биыл бесінші мәрте жалауын желбіретті.
Айта кетсек, жарыстың соңғы күнінде кикбоксингтен Берік Ысқақов (63,5 келі) «алтын» алды.
Оған қоса Батырхан Қуандықов (63,5 келі), Нұрдәулет Қалшора (57 келі), Шара Хамзина (60 келі) қола жүлдегер атанды.
Ал каратэ-додан София Безрульцева чемпион атанды.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.