Ислам ойындары: Кикбоксингтен Берік Ысқақов чемпион атанды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Түркияның Конья қаласында өтіп жатқан Ислам ынтымақтастығы ойындарында кикбоксингтен ел қоржынына алтын медаль түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Бүгін қазақстандықтар спорттық гимнастика, кикбоксинг, каратэ-до спортынан сынға түсті.

Кикбоксингтен 63,5 келіде сынға түскен Берік Ысқақов чемпион атанды.

Сондай-ақ 18 тамызда кикбоксингтен Батырхан Қуандықов (63,5 келі), Нұрдәулет Қалшора (57 келі), Шара Хамзина (60 келі) қола жүлдегер атанды.

Айта кетсек, аталған спорт түрінен 17 тамызда Нұрсұлтан Жұмабаев (51 келі), Әлихан Оздоев (67 келі), Марат Өсіпов (71 келі) чемпион атанған еді.

Ислам ынтымақтастығы ойындары 2005 жылдан бері тұрақты өткізіліп келеді. Биыл бесінші мәрте жалауын желбіретті.

Биылғы додаға 55 елден спортшылар келді. Ойындар 8 тамызда басталған еді. Бүгін, 18 тамызда мәресіне жетеді.



Фото: malim.kz


Соңғы жаңалықтар