Исламиадада қазақстандықтар үш «алтын» алды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Түркияның Конья қаласында өтіп жатқан Ислам ынтымақтастығы ойындарында ел құрамасы қоржынына тағы үш алтын медаль түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Бүгінгі ойындарда қазақстандықтар спорттың бірнеше түрінен өнер көрсетті.

Кикбоксингте 51 келіде сынға түскен Нұрсұлтан Жұмабаев жеңіс тұғырына көтерілді. Ол финалда өзбекстандық қарсыласын қапы қалдырып кетті.

Сондай-ақ аталған жарыс түрінен Әлихан Оздоев (67 келі), Марат Өсіпов (71 келі) алтыннан алқа тақты.

Ал спорттық гимнастикадан қыздар командалық есепте үшінші орынға табан тіреді.

Қазақстандық спортшылардың ойындар барысындағы жетістігін бұған дейін де жазған болатынбыз.

Ислам ынтымақтастығы ойындары 2005 жылдан бері тұрақты өткізіліп келеді. Биыл бесінші мәрте жалауын желбіретті.

Биылғы додаға 55 елден спортшылар келді. Ойындар 8 тамызда басталған, 18 тамызда аяқталады.



Фото: pinterest.com





Соңғы жаңалықтар