ҚР Ұлттық Олимпиадалық комитеті наурызда өтетін маңызды спорттық шаралар тізімін ұсынды.
Қазақстан спортшылары қатысатын ірі халықаралық турнирлер:
5-11 наурыз: Дзюдодан «Гран-при» турнирі, Марокко, Маракеш.
6-11 наурыз: Бокстан халықаралық турнир, Финляндия.
7-11 наурыз: Жүзуден халықаралық турнир, Словения, Крань.
7-11 наурыз: Семсерлесуден ерлер мен әйелдер арасындағы Гран-при турнирі, Венгрия, Будапешт.
12-18 наурыз: Көркем гимнастикадан «Афродита кубогі», Грекия, Афины.
12-18 наурыз: Спорттық гимнастикадан әлем кубогі кезеңі, Әзербайжан, Баку.
13-18 наурыз: Дзюдодан Grand Slam турнирі, Ресей, Екатеринбург.
13-18 наурыз: Таеквондодан «Belgian Open G2» халықаралық турнирі, Бельгия, Люмель.
17 наурыз: Спортттық жүрістен Азия чемпионаты, Жапония, Номи.
17-25 наурыз: Стенд атудан лицензиялық әлем кубогі, Мексика, Акапулько.
18-24 наурыз: Спорттық гимнастикадан әлем кубогі кезеңі, Катар, Доха.
21-24 наурыз: Күрес түрлерінен 23 жасқа дейінгілер арасындағы Азия чемпионаты, Моңғолия, Ұлан-Батыр.
24-31 наурыз: Садақ атудан Азия кубогі, Таиланд, Бангкок.
23 наурыз-2 сәуір: Су добынан интерконтинентальдық турнир, әлемдік лига, Австралия, Перт.
27 наурыз - 1 сәуір: Таеквондодан «German Open G1» турнирі, Германия, Гамбург.
26 наурыз - 2 сәуір: Бокстан «Жібек жолы» халықаралық турнирі, Әзербайжан, Баку.
27 наурыз - 1 сәуір: Дзюдодан Гран-при турнирі, Грузия, Тбилиси.
28 наурыз -1 сәуір: Көркем гимнастикадан Гран-при турнирі, Франция, Тье.
Қазақстан аумағында өтетін жарыстар:
4-11 наурызда Шымкент қаласы стенд атудан Қазақстанның ашық чемпионаты мен ел Кубогінің бірінші кезеңін қабылдайды.
9-12 мамыр күндері Алматы қаласында грек-рим күресінен 23 жасқа дейінгі спортшылар арасында ел чемпионаты өтеді.
10-15 наруыз күндері Ақтауда көркем гимнастикадан Қазақстан кубогінің иегерлері анықталмақ.
12-15 наурыз күндері маунтинбайктан Қазақстан кубогі Тараз қаласында ұйымдастырылады.
24-30 наурыз аралығында Шымкентте садақ атудан халықарлық турнир жоспарланған.
29-31 наурыз күндері Талғарда ат спортынан жабық ғимараттағы Қазақстан кубогі бәсекесі өтеді.
31 наурыз - 4 сәуір аралығында Ақтөбеде жүзуден Қазақстанның ашық біріншілігі чемпиондарды анықтайды.
21-30 наурыз күндері Шардарада желкенді спорттан Қазақстан кубогі сарапқа салынады.