В дивизионында 500 метрлік қашықтықта жарыс жолына шыққан отандасымыз Екатерина Айдова 39,062 ( 0,43) нәтижемен төртінші орынға тұрақтады. Ал 1 мың метрлік қашықтықтағы жарыс барысында ол қарсыластарынан озық шығып, 1:17,194 нәтижесін көрсетті.
Ал В дивизонының 1 500 метрлік қашықтықтағы жарыс жолында бірден 4 қазақстандық спортшы өнер көрсетті. Олардың арасында Дмитрий Морозов қана жақсы нәтиже көрсетіп, 1:49,574 ( 2,23) көрсеткішімен 17-орынға табан тіреді. Ал Денис Кузин ( 3,26) 23-ші, Виталий Щиголев ( 3,51) 26-шы және Демьян Гаврилов ( 4,07) 33-шы орын алды.