АСТАНА. ҚазАқпарат - Ингушетияда шілденің 16 күні аралас жекпе-жектен Challenge-69 халықаралық турнирі өтеді.
Онда ел намысын аралас стильдегі спорт шеберлерінің бірі Сергей Морозов қорғайды. Бұл туралы ММА федерациясының баспасөз қызметі хабарлады.
Сергей Морозов - Азия чемпионатының күміс жүлдегері, аралас жекпе-жектен әлем біріншілігінің вице-чемпионы, ММА бойынша спорт шебері. Ол 61,3 келіге дейін салмақ дәрежесінде өнер көрсетіп жүр. Сергей Морозов бұл күні бразилиялық Рафаэль Диаспен кездеседі.
Күнсұлтан Отарбай
Еуразия Ұлттық университетінің түлегі. Республикалық «Қазақ спорты», «Sport» газеттерінде қызмет атқарған.
2014 жылғы Сочи, 2016 жылғы Рио-Де Жанейро, 2017 жылғы Инчхон және 2024 жылғы Париж Олимпиадасында, сонымен қатар бір қанша Қысқы және Жазғы Азия ойындарынан, әлем біріншіліктеріне барып тікелей хабар таратқан журналист.
Сейдақмет Бердіқұлов атындағы арнайы сыйлықтың лауреаты.