Оны «Procter & Gamble Қазақстан» ЖШС-нің Бас директоры Ханс Девэль бүгін бүгін Алматыда өткен баспасөз мәслихатында айтты.
«Қазақстан қазіргі таңда шынында да өте жылдам дамуда. Спортта әлемдік деңгейде алдыңғы шепте келе жатыр. Қазақстандағы «Астана» велоклубы бүкіл әлемге әйгілі. Бельгияда ол негізгі спорт түрі саналады», - дейді Х. Девэль. Оның айтуынша, Қазақстан 15 жылдан бері жұмыс жасап келе жатқан «Procter & Gamble Қазақстан» компаниясы да ел экономикасының дамуына өз үлесін қосуда. «Procter & Gamble» әлемдік деңгейде Олимпиадалық қозғалысқа қосылып, Халықаралық олимпиада комитетімен келісімге қол қойды. 2020 жылға дейінгі 5 Олимпиада ойындары кезінде олар ұйымдасгыру жұмысына атсалыспақ.