«Қазақстан Стамбұл бағыты бойынша әуерейстерін жандандырды. Дегенмен, аздаған кешіктірулер бар. Қазіргі уақытта соңғы оқиғаларға байланысты рейстер уақытынан кешіктірілуде. Кеше біз қазақстандық әуекомпанияға ұсыныстар жібердік. Оны біз сайтта ресми жариялайтын боламыз», - деді комитеттен.
Бұл ақпаратты ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің ресми өкілі Қайсар Жұмабайұлы да растады.
«ҚР ИДМ Азаматтық авиация комитеті Түркиядағы жағдайды ескере отырып, кестеге сәйкес, 2016 жылғы 16 шілде 19:00 сағатта Ыстамбұлдан (Түркия) жоспарланған рейстерді жалғастыру туралы ұсыныспен «Эйр Астана», «SCAT» әуекомпанияларына және
«Қазәуенавигация» РМК мекемесіне жеделхат жолдады», - деді Қайсар Жұмабайұлы өзінің Facebook-тегі парақшасында.
Ведомствоның хабарлауынша, қазіргі уақытта негізінен рейстер Алматы-Стамбұл бағытында жүргізілуде.
Айта кетейік, ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Азаматтық авиация комитетінің жедел телефоны жұмыс істеуде: 75-48-10, 75-48-06.
10:49, 17 Шілде 2016
Қазақстан Стамбұл бағыты бойынша әуерейстерін жандандырды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан Стамбұл бағыты бойынша әуерейстерін жандандырды. Бұл туралы «ҚазАқпарат» тілшісіне ҚР ИДМ Азаматтық авиация комитетінен хабарлады.