елдің Ұлттық Кадет корпусында (ҰКК) тағылымдамадан өтіп келді.
Үндістанның ҰКК мен Қазақстанның жоғары оқу орындары арасында жасалған келісім негізінде және ҰКК-ның шақыртуымен Астанадағы С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің ректоры Айтбай Бұлашев пен оқу орнындағы әскери кафедраның басшылығы мен студенттері Нью-Дели қаласында болып қайтты.
Сапарлары барысында қазақстандық делегация Үнді еліне құрметтерін білдіріп, Бангладеш, Бруней, Бутан, Непал, Вьетнам, Шри-Ланка, Сингапур, Ресей және Түрікменстаннан келген жоғары әскери оқу орындарының офицерлері мен кадеттерімен бірге Республика күніне арналған мерекелік іс-шараға қатысты.
Одан кейін А.Бұлашев, Үндістан президенті Пратибха Патил ханым мен елдің Қорғаныс министрі Шри Антонимен кездесті. Онымен бірге, өзінің әріптесі ҰКК-ның басшысы, генерал-лейтенант Радж Кумар Карвалмен екі оқу орнының ынтымақтастығын одан әрі дамыту мәселелерін талқылады.
Өз кезегінде қазақстандық студенттер елдің мәдени нысандарында болып, ҰКК-ның дәрістеріне қатысты. Ағылшын тілінде Қазақстан жөнінде ақпарат беріп, ұлттық киімдерді таныстырды. Сонымен қатар шетелдіктердің сүйсіне тамашалайтын - «Қара жорға» биін биледі.
Үндістанның ҰКК офицерлері мен кадеттері алдағы наурыз айында С.Сейфуллин атындағы ҚазАТУ-ға сапар жасайды деп күтілуде.