Қазақстан су добасынан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында Сингапурды жеңді

АСТАНА. KAZINFORM – Су добынан Қазақстан жасөспірімдер құрамасы Хорватияның Загреб қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатында екінші ойынын өткізді.

Фото: World Aquatics

Қазақстандық спортшылар бұл кездесуде Сингапур құрамасымен күш сынасты. Тартысты өткен матчта жерлестеріміз жеңіске жетті.

Негізгі уақыт тең аяқталды. Пенальти сериясында қазақстандық ойыншылар дәлдік танытып, қарсыластарынан басым түсті. Қорытынды есеп - 16:15. ҚР ҰОК мәліметінше, Ернар Тілекқабыл кездесудің үздік ойыншысы атанды.

Айта кетейік, әлем чемпионатындағы алғашқы ойында Қазақстан құрамасы Мысырға 9:14 есебімен есе жіберген болатын. Бүгін, 5 тамызда, ұлттық құрама Уругваймен кездеседі.

Қазақстан күрестен Түркиядағы халықаралық турнирде үш медаль жеңіп алғанын жазған едік.