АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстан ерлер құрамасы су добынан Аичи-Нагояда (Жапония) өтіп жатқан Азия ойындарында екінші кездесуін өткізді.
Бұл жолы отандық спортшылар Гонконг құрамасымен кездесті. Төрт кезеңнің қорытындысы бойынша Қазақстан 29:15 есебімен жеңіске жетті.
Қазақстан бұған дейін Жапонияға 11:19 есебімен жол берген еді.
Айта кетейік, Қазақстан келесі ойынын 28 қыркүйекте Таиландқа қарсы өткізеді.
Мейірман Лес
Еуразия ұлттық және Қазақ ұлттық университеттерін бітірген. Республикалық "Ұлан" газетінде, Baribar.kz, Holanews.kz, Zakon.kz, Tengrinews.kz, Massaget.kz, Ulysmedia.kz порталдарында журналист, продюсер, шығарушы/шеф/бас редактор қызметтерін атқарған. 2025-2026 жылдары Kazinform агенттігінің Алматыдағы меншікті тілшісі болып еңбек етті, қазір қазақ редакциясының шығарушы редакторы.