АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстан ерлер құрамасы су добынан Аичи-Нагояда (Жапония) өтіп жатқан Азия ойындарында жеңіс тұғырына көтерілді.
Қазақстандық су добы шеберлері финалға дейін жетіп, Жапония құрамасымен жолықты.
Төрт кезеңнің қорытындысы бойынша жапониялық спортшылар 24:7 есебімен жеңіске жетті.
Ал Қазақстан командасы 2026 жылғы Азия ойындарын күміс медальмен қорытындылады.
Еске салайық, бұған дейін Нұрқожа Қайпанов Азия ойындарының қола жүлдегері атанған еді.
Мейірман Лес
Еуразия ұлттық және Қазақ ұлттық университеттерін бітірген. Республикалық "Ұлан" газетінде, Baribar.kz, Holanews.kz, Zakon.kz, Tengrinews.kz, Massaget.kz, Ulysmedia.kz порталдарында журналист, продюсер, шығарушы/шеф/бас редактор қызметтерін атқарған. 2025-2026 жылдары Kazinform агенттігінің Алматыдағы меншікті тілшісі болып еңбек етті, қазір қазақ редакциясының шығарушы редакторы.