Оның атап өтуінше, Павлодар облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі 2018 жылы тауарлық-материалдық құндылықтарды сатып алу туралы жалған мәміле жасасу арқылы 6,3 миллион теңге көлеміндегі бюджет қаражатын ұрлауға күдікті болған «Қазақстан су жолдары» РМҚК Павлодар филиалының басшысына қатысты сотқа дейінгі тергеуді аяқтады.
«2020 жылғы 7 сәуірде Павлодар қаласының №2 сотының үкімімен аталған басшы 2 жыл мерзімге бас бостандығынан және өмір бойына мемлекеттік қызметте лауазым атқару құқығынан айырылды», - деді Қуаныш Жапақов.