Атап өтілгендей, Иран көрші елдермен мұнай бойынша своп-операцияларды қайта жаңғыртқан 2017 жылдың тамызынан бері своп арқылы (шикізат алмасу мәмілесі) 2,2 млн баррель мұнай алған. Қара алтын Нека қаласындағы Солтүстік терминалымен жеткізілген.
Иран мұнай терминалдары компаниясы Каспий теңізімен алған шикізатты Тегеран мен Тебриздегі мұнай өңдеу зауыттарына жөнелтеді.
Фото: irna.ir