Оның айтуынша, қазіргі таңда республикада сыбайлас жемқорлыққа қарсы екі Страсбург конвенциясына қосылу жөніндегі мемлекетішілік процедуралар жүргізілуде. «ГРЕКО ұйымына қатысушы елдердің стандарттарының талаптарына сай болу үшін, Қазақстан мойнына өз заңнамасын өзгерту немесе жетілдіру жөніндегі үлкен міндеттеме алатынын біз түсінеміз. Қазақстан оған әзір. Біз бұл қадамға саналы түрде барып отырмыз», - деді Қ.Қожамжаров өз сөзінде.
Осыған байланысты қаржы полициясының басшысы еуропалық шенеуніктерді жоғарыда аталған конвенцияларды ратификациялау және ГРЕКО ұйымына қосылу туралы Қазақстанның бастамаларын қолдауға шақырды.