«Сыртқы сауданы жүргізу рәсімдерін жеңілдету мақсатында экспорттық-импорттық операцияларды жасау кезіндегі құжаттар саны қысқартылды. Тауарларды экспорттау кезінде - 3 құжат, импорттау кезінде - 4 құжат қысқарды. Бұл ретте сыртқы экономикалық қызметке қатысушылардың тәуекел деңгейі төмен, орта және жоғары 3 санатын енгізе отырып, тәуекелдерді басқару жүйесін қолданудың тәсілдері қайта қаралды», - деді Е.Досаев.
Сонымен қатар министрдің атап өтуінше, Қаржы министрлігі Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп, посткедендік ресімдеу бойынша «300 ірі салық төлеушіге арналған жасыл дәліз» ілкі жобасын іске асырған.