Қазақстан табыс деңгейі жоғары елдердің тобына 2016 жылы енуді жоспарлап отыр-К. Мәсімов

None
ТАНА. 20 қыркүйек. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Қазақстан табыс деңгейі жоғары елдердің тобына 2016 жылы енуді жоспарлап отыр.

Бұл туралы бүгін «Нұр Отан» Халықтық демократиялық партиясы парламенттік фракциясының отырысында Үкімет басшысы Кәрім Мәсімов мәлім етті.

«Бүгінде Қазақстан Бразилия, Малайзия, Түркия сияқты табыс деңгейі орташа елдер арасында көшбасшы орында тұр. Енді Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев біздің алдымызға табыс деңгейі жоғары елдердің қатарына ену тұрғысындағы жаңа мақсаттын қойды. Ол үшін жанбасына шаққандағы ІЖӨ 15 мың АҚШ долларынан кем болмауы тиіс. Біз бұл деңгейге 2016 жылы қол жеткізуді жоспарлап отырмыз»,-деп атап өтті Премьер-Министр.

К. Мәсімовтің пайымдауынша, дамыған елдер клубының толыққанды мүшесі болу үшін қазірден бастап алдыңғы қатарлы әлем экономикаларымен белсенді ынтымақтасу қажет.