Қазақстан таеквондодан БАӘ-де өтіп жатқан турнирде 3 медаль алды
14:13, 04 Ақпан 2026
АСТАНА. KAZINFORM – Қазіргі таңда Фуджейрада (БАӘ) таеквондодан ірі халықаралық турнир өтіп жатыр.
Қазақстан құрамасы бұл жарыста 3 медальға ие болды. Атап айтқанда, Бахадыр Шапулатов 54 келіге дейінгі салмақта, Мақсат Орынбасар 74 келіге дейінгі салмақта және Нұрлан Мырзабаев 87 келіге дейінгі салмақта қола жүлдеге қол жеткізді.
Айта кетейік, турнирге 50 елдің спортшылары келген.
Бұған бұрын таэквондодан Қазақстанның 21 жасқа дейінгі құрамасының аға жаттықтырушысы Давран Разиев шәкірттерінің былтырғы жетістіктері жөнінде Kazinform тілшіні сұхбат берген болатын.