Қазақстан таэквондошылары Азия чемпионатының алғашқы күнінде 7 медаль алды

None
ХОШИМИН. ҚазАқпарат – Таэквондодан кадеттер арасындағы Азия чемпионатының алғашқы күнінде Қазақстан 7 медаль жеңіп алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазақстан таеквондо федерациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Вьетнамның Хошимин қаласында өтіп жатқан турнирде Мырзағали Сұрановтың шәкірттері үш алтын, үш күміс және бір қола медаль жеңіп алды.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер:

І орын - Нұрперзент Саматұлы, 33 кг

І орын - Достан Нажимханов, 49 кг

І орын - Ярина Пуганцова, 29 кг

ІІ орын - Нұрай Амангелді, 37 кг

ІІ орын - Дарын Зейнеш, 57кг

ІІ орын - Теміржан Тасқын, 41 кг

ІІІ орын - Жұмабек Нұрайым, 44 кг

Қазақстаннан кадеттер арасындағы Азия біріншілігіне 20 таэквондошы аттанды.



Фото:kaztkd.kz