«Қазір қытайлық жаңа вакцинаны сатып алу жоспары тұр, оны әріптестерімізбен пысықтап жатырмыз және вакцинаны ДДСҰ аккредиттеуден өткізеді. Сондықтан біз үшін вакцинаны мүмкіндігінше тезірек ел ішіне жеткізу өте маңызды. Сондықтан қайта бөлінген кезде нақты келісімшарттар жасалады, оның сомасын сіздерге жариялаймыз. Қазір келісімшартқа қол қою кезеңі жүріп жатыр», - деді Алексей Цой Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.
Айта кетейік, 2021 жылға вакцина сатып алу үшін 95 млрд теңгеден астам қаражат жоспарланған.
Соның 61 млрд теңгесі вакциналар мен оны егуге қажет шприц алу үшін жұмсалды.
Сонымен бірге, Жамбыл облысында QazVac өндіретін зауыт жұмысын бастады.