Ол рингте үндістандық Азия-2019 чемпионатының күміс жүлдегері Ашиш Кумармен кездесті. Нәтижесінде Оралбай төрешілердің бірауыздан шешімімен жеңіске жетті, ал Кумар күміс жүлдегер атанды.
Бұған дейін хабарлағанымыздай, Серік Теміржанов (57 кг) «алтын», Сұлтан Мусинов (63 кг) және Асланбек Шымбергенов (69 кг) «күміс» жүлде алған болатын.
Сондай-ақ, бүгін Нұрбек Оралбайдың сыңары Айбек 91 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде тайлық Джаккапонга Йомхотамен жұдырықтасады.