Қазақстан тамақтың қолжетімдігі бойынша рейтингте 44-орында

АСТАНА. 17 қаңтар. ҚазАқпарат - Oxfam International ұйымы жасаған рейтингте Қазақстан 125 мемлекеттің ішінде 44-ші орынды иеленді. Бұл хабарды Kapital.kz таратты.

Тізімнің басында Нидерланды, Швейцария және Франция тұр. Сарапшылар бұл елдегі тамақ сапалы және қолжетімді деп тапқан.

Қазақстанның рейтингі Таиланд, Ресей және Мексикамен бірдей, тамақтың қолжетімдігі бойынша алдынғы қатарда. Алайда, рейтингте аталған елдердің азаматтары зиянды тамақты көп жейтіндігі туралы айтылған. Сол себепті де бұл елдердің көрсеткіші кедей мемлекеттерден артта қалып қойған.