Қазақстан Танзаниямен дипломатиялық қатынас орнатты
Бұл туралы ҚР СІМ баспасөз қызметі хабарлайды.
Қол қою рәсімі барысында Қазақстан мен Танзанияның тұрақты өкілдері экономиканың әртүрлі салаларында ынтымақтастық орнатуға және екіжақты әріптестіктің перспективаларын егжей-тегжейлі талқылауға қызығушылық білдірді.
Танзания Біріккен Республикасы - халқының саны шамамен 55 миллион адамды құрайтын Шығыс Африкадағы ең үлкен мемлекет. Ресми деректерге сәйкес, елдің Жалпы Ішкі Өнім (ЖІӨ) өсімі 2017 жылы 7,1 пайызды құрады. ЖІӨ-нің төрттен бірі ауыл шаруашылығы болып
Соңғы жылдары халықаралық қаржы институттардың көмегі арқасында Танзания инфрақұрылымдық жобаларды және алтын, темір, алмаз, танзанит деген табиғи ресурстарды белсенді дамытуда.