Оның сөзіне қарағанда, аталған елмен дипломатиялық қатынастардың жылдарында тараптар барлық салаларда жақсы байланыстарды қалыптастырды. Осы ретте екі ел арасында қандай да бір саяси және экономикалық проблемалар жоқ.
Атап айтқанда, 2009 жылы Чехия Қазақстанды басымдықты 12 сауда серіктестері қатарына қосты. Осы уақыттан бастап тауар айналымы 6 есеге артты.
«Егер де 2009 жылы тауар айналымының көлемі 206,6 млн. АҚШ долларын құраса, 2014 жылы бұл көрсеткіш 1,2 млрд. долларға жетті. Алайда, өткен жылы әлемдік қаржы дағдарысы салдарынан, шикізаттық экспорттық позицияларға бағаның төмендеуінен, жалпы әлемдегі жағдайға байланысты тауар айналымы бізде екі есеге жуық төмендеп, 666 млн. долларды құрады. Дегенмен де біз оптимистік күйде барлық тетіктер кешенін іске қосып, тауар айналымын арттырмақпыз»,-деді дипломат.
Бұл тұрғыда бүгінде сауда-экономикалық, өнеркәсіптік және ғылыми-техникалық ынтымақтастық бойынша екіжақты үкіметаралық комиссия табысты жұмыс істеуде. Соңғы отырыс Астанада өткен жылы күзде өткен болатын, ал келесі жиын Прагада ұйымдастырылмақ.
Айта кетейік, аталған ел машина құрылысындағы өнеркәсіптік әлеуетімен, автомобиль құрастыру, электр техникасы, түрлі жабдықтарды құрастыру бағытында Қазақстан үшін қызығушылық тудыруда.
Елшінің пайымынша, Чехиядан Қазақстанның ауыл шаруашылығы секторына технологияларды тарту мүмкіндігі бар.