Қазақстан тарихи-мәдени туризмнің 5 кластерін құрады

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Жаңа технологиялар және индустрия министрлігінің Туризм индустриясы комитеті Қазақстандағы тарихи-мәдени туризмнің 5 кластерін анықтады,

деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметінен. Қазақстанның туристік саласын дамыту тұжырымдамасы жобасына сәйкес, «Астана» кластеріне тарихи ескерткіштер, мәдениет және «Бурабай», «Көкшетау», «Бұйратау», «Қарқаралы», «Баянауыл» МҰТС табиғаты; Тасмола мәдениетінің жарықшақты қойтасты төбелері; мегалит дәуіріне жататын Беғазы-Дандыбай мәдениетінің қорымдары, сонымен бірге, «Ұлы жібек жолы» аталымына кірген нысандар енген.

«Алматы» кластеріне петроглифтерімен Тамғалы археологиялық ландшафты; ЮНЕСКО-ның алдын ала тізіміне енген «Алтын-Емел» МҰТС, «Жаңа-Іле» туристік орталығы; ЮНЕСКО-ның алдын ала тізіміне енгізілген Ешкіөлмес петроглифтері, сонымен бірге, «Ұлы жібек жолы» ұлтаралық сериялық аталымына енгізілген Есік қорғаны қосылған.

"Шығыс Қазақстан" кластеріне Бұқтырма су қоймасы; Ертіс өзені - Жайсаң көлі; Қатонқарағай МҰТС; Марқакөл өзені мен Қалжыр арнасы; Риддер-Анатау және Иван таулары; Семей қаласы енгізілген.

"Оңтүстік Қазақстан" кластеріне келесі нысандар енген: ЮНЕСКО-ның алдын ала тізіміне енгізілген Түркістан қаласындағы Қожа Ахмет Яссауи кесенесі; орта ғасырларға жататын Отырар қалашығының археологиялық нысандары мен Отырар оазисі, ЮНЕСКО тізіміндегі Сауран археологиялық кешені, палеолит учаскесі және геоморфологиясымен Қаратау МТҚ; ЮНЕСКО-ның алдын ала тізіміне енгізілген Ақсу-Жабағылы мемлекеттік табиғи қорығы; Сайрам-Өгем мемлекеттік ұлттық саябағы; Қызылорда, Сарыағаш, Тараз қалалары енгізілген.

«Батыс Қазақстан» кластеріне Бекет Ата, Шопан Ата және Қараман Ата жер асты мешіттері, Омар мен Тур кесенесі; Маңғышылақ түбегінің қорымдары; «Бөкей Ордасы» ескерткіштер кешені; Шерқала тауы; Қарақия-Қаракөл табиғатты қорғау аумағы, Үстірт мемлекеттік табиғи қорығы; «Кендірлі» демалыс орны енгізілген.

Еске сала кетейік, Қазақстанның туристік саласын дамыту тұжырымдамасының жобасы Мадридте «FITUR» көрмесінде таныстырылып, Бүкіләлемдік туристік ұйымның бас хатшысы Талеб Рифаидің мақұлдауына ие болды.