Қазақстан тарихының көптомдығын дайындау жөніндегі редакция алқасының жиыны өтті

Фото: Фото: Ақорда

АСТАНА. KAZINFORM – Бүгін Алматыда Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қариннің төрағалығымен «Қазақстан тарихы: ежелгі дәуірден бүгінге дейін» атты академиялық жетітомдықты дайындау жөніндегі редакция алқасының жиыны өтті. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Редакция алқасының алдында тұрған басты міндет – көптомдықтың мәтінін, оған енгізілген карталар мен иллюстрациялық материалдарды түпкілікті сараптау және бекіту.

Фото: Ақорда

Алқа құрамында көптомдықтың жетекшілері мен авторлары, Ұлттық музей, Орталық мемлекеттік архив, Ұлттық тарихшылар конгресінің басшылығы, академиктер, тарихшы ғалымдар, этнология, тарихи география, архив ісі, филология салаларындағы жетекші мамандар, сондай-ақ ғылыми-зерттеу институттарының және жоғары оқу орындарындағы тарих кафедраларының өкілдері бар.

Жиын барысында алқа жұмысының жоспары талқыланды. Соған сәйкес маусым айынан бастап әр томның қолжазбасы кезең-кезеңімен мұқият тексеріліп, беттеу жұмыстарына жіберілетін мәтіннің соңғы нұсқасы бекітілуі керек.

Айта кетейік, Ерлан Қарин Түркістанда өтіп жатқан халықаралық симпозиумға қатысты.