Қазақстан тәуелсіздігі жылдарында 3 мың шақырым жол салынып, реконструкцияланды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстанның тәуелсіздік жылдарында 3 мың шақырым жергілікті жол салынып, реконструкцияланды. Бұл туралы ҚазАқпарат ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Telegram каналына сілтеме жасап хабарлайды.

Егемен Қазақстанның 30 жылында облыстық және аудандық маңызы бар жолдардың 3 мың шақырымы салынып, реконструкциияланды, 27 мың шақырым жол жөндеуден өтті.

Ағымдағы жылы жұмыстар жергілікті желінің 3,4 мың шақырымын қамтиды. Жыл соңында автожолдардың 79%-ын нормативтік жағдайға жеткізу көзделген.