Экспозиция Қазақстан Тәуелсіздігіне 25 жыл толуына орай ұйымдастырылды.
Мерейтойлық көрмеде Алматы тұрғындары суретшінің әр кездері жазылған 60-тан астам картинасын тамашалады.
«Менің бар өмірім Қазақстанда өтті. 5 жасымнан бастап тұрамын. Мәскеуде, Ярославльде тұрғанда да Қазақстанға кеткім кеп тұратын. Үнемі осы елге бүйрегім бұрып тұратын. Мен үшін мында бәрі қымбат. Қазақстанның мәдениеті мен тарихын зерттеу өте қызық», - деді көрме авторы.
Тамара Волкова Алматы мен Өскемен қалаларының негізгі тірек жобасының авторы. Оның жобасы бойынша Ярославльде ірі ғимараттар салынды.