Қазақстан Тәуелсіздік жылдары демократиялық даму тұрғысында үлкен жетістіктерге қол жеткізді - В.Швиммер

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан Тәуелсіздік жылдары демократиялық дамуда және адам құқығын сақтау саласында үлкен жетістіктерге қол жеткізе алды.

Бұл туралы бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің сайлауы барысын байқауға келген шетелдік делегаттардың баспасөз мәслиxатында Австрия атынан келген xалықаралық байқаушы Вальтер Швиммер мәлім етті.

"Бізді Қазақстандағы құқықтық жағдай, демократияның дамуы мен адам құқығын сақтау мәселелері қызықтырады. Сонымен қатар сіздердің елдегі демократиялық процестердің дамуы біздің назарда. Қазақстан Тәуелсіздік алғалы бері үлкен қадам жасады. Бүгінгі сайлау оған дәлел. Парламент сайлау Қазақстанның ары қарай демократиялық дамуына үлкен серпін береді деп сенемін",- деп атап өтті ол.

"Кеше мен Орталық сайлау комиссиясында болдым. Біз сайлауға қатысты бірқатар мәселелерді талқыладық. Мен бірнеше сайлау учаскелерінде болдым. Сіздерде барлық учаскелерде дауыс беру талаптары қатты сақталады. Мені қатты таңқалдырғаны - сайлауға жастардың көп келуі. Олардың барлығы өз еріктерімен келуде. Бұл өте маңызды", - деді В. Швиммер.

Айта кетейік, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттарын сайлау барысын бақылауға 817 xалықаралық байқаушы мен 147 шетелдік БАҚ өкілдері келіп отыр.