АСТАНА. ҚазАқпарат - Тәуелсіздік жылдарында Қазақстан бұрынғы КСРО елдерімен салыстырғанда, темір жол құрылысын артық жүзеге асырды. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында «KTZ Express» АҚ президенті Санжар Елубаев мәлім етті.
«Соңғы бес жылда контейнерлік тасымалдардың көлемі 15 есеге артты. Биыл біз тағы да екі есеге арттыруды жоспарлап отырмыз. Атап айтқанда, әлеуетіміз өте үлкен. Осы орайда біздің логистикалық инфрақұрылымды белсенді түрде пайдаланатын боламыз», - деді С.Елубаев.
Руслан Ғаббасов
Ақмола облысының Біржан сал ауданында дүниеге келген. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің журналистика факультетін бітірген. 2005 жылдан бері «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігінде жұмыс істеп келеді.