Қазақстан тәуелсіздік жылдарында жазғы Азиададан қанша медаль жеңіп алды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қытайдың Ханчжоу қаласында өтетін жазғы Азия ойындарының басталуына санаулы күндер ғана қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Осы орайда өткен ойындарды еске түсіре кеткенді жөн санап отырмыз.

Жазғы Азиадаға Қазақстан тәуелсіз ел ретінде 1994 жылдан бастап қатыса бастады. Содан бүгінгі күнге дейін Қазақстан құрамасы 7 мәрте жарыс жолына шықты.

Қазақ спортшылары алғашқы жазғы Азиадаға жеке ел ретінде Жапонияның Хиросима қаласында өткен ойындардан бері қатыса бастады.

Онда отандастарымыз 25 алтын, 26 күміс, 26 қола медальмен жалпыкомандалық есепте төртінші орынға табан тіреді.

Екінші ойынды 1998 жылы Бангкокте өткізіп, Таиландтан кейінгі 5-орынға тұрақтады.

Ал 2002 жылы Оңтүстік Кореяның Пусан қаласында өткен ойында 20 алтын, 26 күміс, 30 қола медальмен 4-орынға қайта орнықты.

2006 жылы Қатарда да төрттіктен түскен жоқпыз.

2010 жылы Қытайдың Гуанчжоу қаласында өткен додада алдымызға Иранды жіберіп, 5-орынға сырғыдық.

Ал 2014 жылы Оңтүстік Кореяның Инчхон қаласында өткен XVII жазғы Азиадада 28 алтын, 23 күміс, 33 қола медальмен үздік төртінші орынға қайта қол жеткіздік.

Одан кейін ел спортшылары 2018 жылы Индонезияның Джакарта және Паленбанг қалаларында өткен Сарықұрлық додасында бақ сынады.

Онда ел намысын 419 спортшы қорғап, 15 алтын, 17 күміс, 44 қола медальмен жалпы есепте 9-орынға табан тіреді.

Жазғы Азиадада Қазақстан спортшылары мен үздік үштікті түйіндеген елдердің медальдар кестесі:

1994 жыл. XII - Хиросима - Жапония

Мемлекет

Алтын

Күміс

Қола

Барл.

1

Қытай

125

83

58

266

2

Жапония

64

75

79

218

3

Оңтүстік Корея

63

56

64

183

4

Қазақстан

25

26

26

77

1998 жыл. XIII. Бангкок - Тайланд

Мемлекет

Алтын

Күміс

Қола

Барл.

1

Қытай

129

78

67

274

2

Оңтүстік Корея

65

46

53

164

3

Жапония

52

61

68

181

4

Таиланд

24

26

40

90

5

Қазақстан

24

24

30

78

2002 жыл. XIV. Пусан - Оңтүстік Корея

Мемлекет

Алтын

Күміс

Қола

Барл.

1

Қытай

150

84

74

308

2

Оңтүстік Корея

96

80

84

260

3

Жапония

44

74

72

190

4

Қазақстан

20

26

30

76

2006 жыл. XV. Доха - Қатар

Мемлекет

Алтын

Күміс

Қола

Барл.

1

Қытай

165

88

63

316

2

Оңтүстік Корея

58

52

82

192

3

Жапония

50

71

78

199

4

Қазақстан

23

20

42

85


2010 жыл. XVI. Гуанчжоу - Қытай

Мемлекет

Алтын

Күміс

Қола

Барл.

1

Қытай

199

119

98

416

2

Оңтүстік Корея

76

65

91

232

3

Жапония

45

74

94

216

4

Иран

20

14

25

59

Қазақстан

18

23

38

79

2014 жыл. XVII. Инчхон - Оңтүстік Корея

Мемлекет

Алтын

Күміс

Қола

Барл.

1

Қытай

151

109

83

343

2

Оңтүстік Корея

79

71

84

234

3

Жапония

47

76

76

199

4

Қазақстан

28

23

33

84


2018 жыл. XVIIIДжакарта, Паленбанг (Индонезия)

Мемлекет

Алтын

Күміс

Қола

Барл.

1

Қытай

132

92

65

289

2

Жапония

74

56

74

204

3

О. Корея

49

58

70

177

...9

Қазақстан

15

17

44

76

Енді кезекті Сарықұрлық додасы Қытайдың Ханчжоу қаласында 23 қыркүйек пен 8 қазан аралығында өтеді.

Айта кетейік, Азия ойындарында Қазақстанның туын боксшы Асланбек Шымбергенов пен жеңіл атлет Надежда Дубовицкая көтеріп шығады.

Жалпы жарыста 40 спорт түрінен медальдар жиынтығы сарапқа салынады.