АСТАНА. 14 желтоқсан. ҚазАқпарат - Технологиялық жаңалықтар әлемдік нарықтардың құрылымы мен қажеттіліктерін түбегейлі өзгертеді. Бүгін «Астана Опера» жаңа мемлекеттік опера және балет театрында Тәуелсіздік куніне арналған салтанатты жиында Қазақстан халқына жолдауында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев осылай айтты.
Елбасы үшінші индустриялық революция жайында айта келе, «технологиялық жаңалықтар әлемдік нарықтардың құрылымы мен қажеттіліктерін түбегейлі өзгертеді. Таза әрі жасыл энергия көздерінің негізінде, сланстық газдарды өңдеуден, биоотын өндірісінен энергия алудың жаңа тәсілдері табылды. Біз осы үдерістердің қатысушысы болуымыз керек», - деп түйді Мемлекет басшысы.
Руслан Ғаббасов
Ақмола облысының Біржан сал ауданында дүниеге келген. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің журналистика факультетін бітірген. 2005 жылдан бері «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігінде жұмыс істеп келеді.