Сел мен су тасқындарынан зардап шеккен Тәжікстанда қалыптасқан жағдайды есепке ала отырып, комиссия Қазақстан Үкіметіне бұл елге ресми гуманитарлық көмек көрсетуге кеңес берді. Тәжікстанның зардап шеккен аудандарына ет және сүт консервілері, өсімдік майы және сары май, ұн, макарон өнімдері жеткізіледі.
Бұдан басқа, комиссия 2015 жылдың қарашасында қатты жер сілкінісінен зардап шеккен Қырғызстанға гуманитарлық көмек көрсетуге кеңес берді. Бұл елге жатын төсек-орындар, ыдыс-аяқтар, пештер, қысқы шатырларды жеткізу жоспарланып отыр.