Аталған келісімге 2010 жылдың 15 сәуірінде Душанбеде қол қойылған. Құжатқа сәйкес Қазақстан Тәжікстанға патрондар, қол гранаталары, қару майы секілді әскери құралдарды өтеусіз беру бойынша әскери-техникалық көмек көрсетеді. Мұндай әскери мүлікті Қазақстаннан Душанбе қаласына дейін жеткізіп беруді Қазақстанның Қарулы Күштерінің әуе кемесімен қамтамасыз етіледі. Сондай-ақ, келісімге сәйкес Тәжікстан Қазақстаннан алған әскери мүлікті немесе оны пайдалану құқығын үшінші тарапқа бере алмайды.
Тоқтала кететін жайт, Қазақстан мен Тәжікстанның негізгі мақсаттары қатысушы мемлекеттердің ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету, егемендігі мен аймақтық тұтастығын қорғау болып табылатын Ұжымдық қауіпсіздік шарт ұйымының мүшелері болып табылады.
Парламент қабылдаған заң Мемлекет басшысының қол қоюына жолданады.