ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, тараптар үшжақты хаттамаға қол қойды. Бекітілген жұмыс режиміне сәйкес, жаз мезгілінде Түркістан облысының Мақтаарал мен Жетісай аудандары диқандарын сумен қамтамасыз ету үшін «Бахри-Точик» су қоймасынан су жіберіледі.
-Оңтүстік өңірлерді суармалы сумен қамтамасыз ету мәселесі ерекше бақылауда. Қол жеткізілген келісімдер – Орталық Азия елдері арасындағы сындарлы өзара іс-қимыл мен өзара қолдаудың нәтижесі. Қабылданған шаралар вегетация кезеңінің тұрақты өтуін қамтамасыз етіп, отандық диқандарға қолдау көрсетуге мүмкіндік береді, - деді Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов.
Кездесу қорытындысы бойынша Қазақстан, Тәжікстан және Өзбекстанның су шаруашылығы ведомстволарының басшылары өңірдегі су ресурстарын ұтымды және өзара тиімді пайдалану бағытындағы ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға дайын екенін растады.
Осыған дейін Нұржан Нұржігітов өңірде су қауіпсіздігі үшін нақты бірлескен тетіктер қажет екенін айтқан еді.