Қазақстан Тәжікстанмен ұлттық валютаның өзара айырбасталуы туралы келісімді бұзды
АСТАНА. KAZINFORM – Үкіметте «ҚР Үкіметі, ҚР Ұлттық банкі және Тәжікстан үкіметі, Тәжікстан ұлттық банкі арасындағы өзара айырбастауды қамтамасыз ету және қазақстандық теңге мен тәжік сомониінің бағамын тұрақтандыру шаралары туралы келісімнің күшін жою жөнінде» қаулы қабылданды.
«1999 жылы 16 желтоқсанда Душанбеде жасалған ҚР Үкіметі, ҚР Ұлттық банкі және Тәжікстан үкіметі, Тәжікстан ұлттық банкі арасындағы Қазақстан теңгесі мен тәжік сомониінің өзара айырбасталуын және бағамын тұрақтандыруды қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы келісімнің күші жойылсын», - делінген құжатта.
ҚР Сыртқы істер министрлігіне Қазақстан Үкіметінің келісімнің күшін жою ниетін заңнамада белгіленген тәртіппен Тәжікстан үкіметін хабардар ету ұйғарылды.
Қаулы 2024 жылғы 22 мамырдан бастап күшіне енеді.