Осы мақсатта Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің, Қаржы министрлігінің және «Қазақстан жол ғылыми-зерттеу институты» АҚ-ның (ҚазжолҒЗИ) өкілдері техникалық байқау саласындағы заманауи шешімдермен танысу үшін Испания Корольдігіне барды.
Сапар қорытындысы бойынша ҚазжолҒЗИ мен техникалық байқау станцияларына арналған жабдықтарды әзірлеу және өндірумен айналысатын RYME Worldwide компаниясы арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.
Құжат бірлескен жобаларды дамытуға, тәжірибе алмасуға және көлік құралдарын техникалық байқау саласына озық халықаралық тәжірибелерді енгізуге бағытталған.
Сондай-ақ қазақстандық делегация DEKRA компаниясының техникалық байқау орталығының жұмысымен танысты.
Орталықта көлік құралдарын диагностикалаудың заманауи әдістері, автоматтандырылған бақылау жүйелері және техникалық байқау рәсімдерінің ашықтығы мен объективтілігін қамтамасыз ететін цифрлық технологиялар таныстырылды.
-Зерделенген тәжірибе мен халықаралық серіктестермен ынтымақтастық диагностикалық жабдықтардан деректерді операторлардың қатысуынсыз автоматты түрде беру технологияларын, сондай-ақ техникалық байқау процестерін тәулік бойы онлайн-бейнемониторинг арқылы бақылау жүйелерін енгізу мәселелерін пысықтауға мүмкіндік береді,-делінген хабарламада.
Аталған шаралар техникалық байқау сапасын арттыруға, оны жүргізу барысын бақылауды күшейтуге және республика жолдарындағы көлік құралдарын пайдалану қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған.
Осыған дейін Алматыда жүк көліктеріне бақылау күшейгені туралы жаздық.