Еурокубоктың алдыңғы матчын жанкүйерлер «Kazsport» телеарнасынан көре алады. Қазақстандық «Қайрат» және армениялық «Алашкерт» клубы 16 шілде күні Алматының Орталық стадионында Еуропа Лигасының екінші біліктілік раунды шеңберінде кездесу өткізеді. Тікелей трансляция Астана уақыты бойынша сағат 20.35-те басталады.
Кейінгі күндері де «Кazsport» телеарнасы тікелей эфирде көре алмаған жанкүйерлер үшін ойынның қайталауын тағы бірнеше рет көрсетеді.
Естеріңізге сала кетейік, Еуропа Лигасының бірінші біліктілік раунды шеңберінде «Қайрат» екі матчтың ұпай жиынтығы бойынша сербиялық «Црвена Звезда» құрамасынан озып түсті. Белградта алматылықтар бірінші ойында 2:0 есебімен, ал Алматыда өткен екінші кездесуде 2:1 есебімен ұтқан болатын.