Еуропа біріншілігінің тарихында алғаш рет Қазақстан құрамасы өнер көрсетеді. Біздің Ұлттық құрамамыз іріктеу сындарында Еуропадағы белді командалардың бірі Португалияны тізе бүктіріп сенсация жасаған болатын. Ал қосымша плей-офф сынында жігіттеріміздің Босния және Герцеговиналықтарды 9-0 есебімен ойсырата ұтқаны мәлім.
Еуропа біріншілігінің финалдық кезеңінде Қазақстан құрамасы плей-офф сынына берілетін жолдаманы Ресей және Хорватия құрамаларымен сарапқа салмақ. Әр топтан келесі кезеңге көрсеткіштері жоғары екі команда шығады.
«Қазақстан» телеарнасының көрермендері Қазақстан құрамасының топтық кездесулері мен плей-офф кезеңіндегі финалды қоса алғанда барлық матчтарды тікелей эфирде тамашалай алады, деп хабарлайды телеарнаның баспасөз қызметінен.
Барлық трансляциялар келесі күні «Kazsport» телеарнасында қайталанады.
- Трансляциялар кестесі
|
№ |
матч |
телеарна |
күні |
уақыты (Астана) |
|
1 |
РЕСЕЙ - ҚАЗАҚСТАН |
«ҚАЗАҚСТАН» |
03.02.2016 |
23.20 |
|
2 |
ҚАЗАҚСТАН - ХОРВАТИЯ |
«ҚАЗАҚСТАН» |
05.02.2016 |
23.20 |
|
3 |
Бірінші ширек финал |
«ҚАЗАҚСТАН» |
08.02.2016 |
23.20 |
|
4 |
Екінші ширек финал |
«ҚАЗАҚСТАН» |
08.02.2016 |
01.50 |
|
5 |
Үшінші ширек финал |
«ҚАЗАҚСТАН» |
09.02.2016 |
23.20 |
|
6 |
Төртінші ширек финал |
«ҚАЗАҚСТАН» |
09.02.2016 |
01.50 |
|
7 |
Бірінші жартылай финал |
«ҚАЗАҚСТАН» |
11.02.2016 |
23.20 |
|
8 |
Екінші жартылай финал |
«ҚАЗАҚСТАН» |
11.02.2016 |
01.50 |
|
9 |
Үшінші орын үшін матч |
«ҚАЗАҚСТАН» |
13.02.2016 |
23.20 |
|
10 |
ФИНАЛ |
«ҚАЗАҚСТАН» |
13.02.2016 |
01.50 |