«Сіздермен бөлісетін тағы бір жаңалығымыз бар. "Қазақстан" телеарнасы жаңалықтарының басшысын тағайындадым. Біздің ұжымға белгiлi маман, 31 арна, Астана, Евразия арналарында қызмет еткен Ерлан Атамбай қосылды. Ерланды жаңалықтар шығарудың қыр-сырын жетік меңгерген маман деп білемін, үлкен сенім артамын. "Қазақстан" жаңалықтары одан да оперативті жұмыс істейтін, нағыз жаңалық жаршысына айналсын!» - деп жазды Ойшыбаев.
16:38, 20 Желтоқсан 2016
«Қазақстан» телеарнасы жаңалықтарының басшысы тағайындалды
АСТАНА. ҚазАқпарат - "Қазақстан" телеарнасы жаңалықтарының басшысы қызметіне Ерлан Атамбай тағайындалды. Бұл туралы бүгін фейсбуктегі парақшасы арқылы «Қазақстан» РТРК» АҚ-ның басқарма төрағасы Кемелбек Ойшыбаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.