«Қазақстан» телеарнасы және «Еуразия» бірінші арнасы футболдан ХХ әлем чемпионатын көрсету құқығына ие болды

АЛМАТЫ. 8 тамыз. ҚазАқпарат - «Қазақстан» телеарнасы және «Еуразия» бірінші арнасы ендігі жылдың телевизия маусымының басты оқиғасы болғалы тұрған Бразилияда 2014 жылғы 12 және 13 маусымда өтетін футболдан ХХ әлем чемпионатын тарату құқығына ие болды.

Бүгінде «Еуразия» бірінші арнасы қазақстандық бұқаралық ақпарат құралдары нарығында ең көп қаралатын телеарна болып табылады. Арнаның техникалық қамтуы ҚР аумағының 84%-ын құрайды, ал оның рейтингісі ел аумағында хабар тарататын эфирлік телеарналардың кез-келгенінің көрсеткіштерінен асып түседі.

Сонымен қатар, әлем чемпионаты кезінде «Еуразия» бірінші арнасының тілшілері аяқдоп аламаны өтетін орындарда жұмыс істейтін болады, телекөрермендер дәстүрлі талдаулар және ойынның ең жарқын сәттері берілетін әлем чемпионатының 45-минуттық көркем күнделіктерін көре алады.

Хабар тарату қазіргі сандық форматта жүргізіледі және трансляцияны www.1tv.kz web-сайтынан да көруге болады.