Алғашқы бағдарламаның қонағы қазақстандық театр мен кинодағы ірі тұлғалардың бірі, нағыз азамат пен актерлік шеберлік қасиеттері тоғысқан ұлы тұлға арналмақ. Бұл кеш нағыз әртістің, режиссер және сценаристің, ұстаздың, әлемдік атақ әкелген керемет рөлдері, халықтың сүйіктісі - Асанәлі Әшімовтің сырласу кеші болмақ.
Соңғы жылдары ел білмейтін қандай тың жаңалықтары бар? Ұлы Шәкен Аймановтың оқушысының біз білмейтін кадр сыртындағы қандай құпиялары мен сырлары бар? Мұның бәрін осы сенбі «Қазақстан» телеарнасынан біле аласыздар. Бұл 50 жылдық шығармашылық өмір тарихына ұласқан сырласу кеші болмақ.